
2020 жылғы 06 тамызда сағат 14:45-те "112" қызметінің пультіне Восход кентінің қазаншұңқырында ер адамның батып кеткені туралы ақпарат келіп түсті.
ТЖ орнына және ер адамды іздеуге Семей қ. ЖҚЖ 7-ші бөлімшесінің құтқарушылары шықты. Марқұмның денесі келгеннен кейін 10 минут ішінде табылды және шамамен 3 метр тереңдіктен қиыршық тас карьерінің қазаншұңқырынан көтерілді.
Алдын ала болжам бойынша, қайтыс болған адам шұңқырдың жағасында жалғыз болды, содан кейін ол суға кіріп, кенеттен батып кете бастады. Қазіргі уақытта су айдынында қаза тапқан ер адамның деректерін 102 қызмет қызметкерлері нақтылауда. Іздеу үшін 4 адам мен бір қайық жұмылдырылды.
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері Семей су айдындарында он қала тұрғыны, оның ішінде екі жасөспірім суға батып кетті.
Семей қ.ТЖ Басқармасы Семей өңірінің тұрғындары мен қонақтарына тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде мас күйінде суға түсу қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін еске салады.
ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ