
Кеше Бородулиха ауданының Дмитриевский ауылдық округінде 50 гектар жерде құрғақ шөп жанып кетті. Өрт орнына №21 өрт сөндіру бөлімі құрамы жіберілді. Өртті сөндіруге жергілікті атқару органдары мен шаруа қожалықтары да көмектесті. Өртті сөндіруге жұмылдырылған техниканың жалпы саны – 5 техника және 14 адам.
«Осы аймақтағы құрғақ, ыстық ауа райы өрт шығу қаупін арттырады. Тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырғымыз келеді. Өйткені сөндірілмеген темекі, сіріңкелер, дұрыс жағымаған қоқыс дала мен орманды отқа орауы мүмкін. Желмен тұтанған өрт үлкен аумаққа таралып, үлкен материалдық шығынға әкелуі мүмкін»,- дейді қарауыл бастығы Мұхаметқазы Ернат.
Егер сіз өрт белгілерін байқасаңыз, дереу өрт сөндіру қызметіне «101» нөміріне қоңырау шылыңыз.
ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі