
Кадр саясаты бөлімінің басшысы Бауыржан Жүрекбаев «Алтай» телебағдарламасында мамандық таңдаудағы тәжірибесі туралы айтып берді. Бір кездейсоқ оқиға бүкіл еңбек жолына жол ашты деп айтуға болады.
«Мектептен кейін мен әскерге шақырылдым. Бір күн бұрын, кешкісін кездейсоқ өрттің куәсі болып дереу өрт сөндірушілерді шақырдым. Келесі күні, кетер алдында менің үйіме инспектор келіп, алғыс айтып 10 сом ақша берді, сол кездері өрт туралы бірінші болып хабарлаған азаматтарды осылайша марапаттайтын. Мен Кеңес Армиясы қатарына қосылған кезде Польшада қызмет еттім – әскерилендірілген өрт сөндіру командасына жүргізуші болдым. Әскери борышымды аяқтағаннан соң өртке қарсы қызметке жұмысқа тұрдым, азғана болса да тәжірибем бар еді. Еңбек жолын өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі ретінде бастадым. Маған қызмет өте ұнады. Өзім іштей өрт сөндіруге барған сайын адамдарға көмектесе алатындығымды мақтан тұтатынмын» - деп Бауыржан естеліктерімен бөлісті.
30 жылдан астам еңбек жолында сержанттан подполковникке дейін және қарапайым жүргізушіден бастап кадр саясаты бөлімінің бастығына дейінгі ұзақ жылдар бар. Осы уақыт аралығында ол азаматтық қорғау органдарының түрлі салаларында жұмыс істеді, ал қазір қызметке енді кірісіп жатқан жас мамандармен тәжірибесімен бөлісуде.
«Менің ойымша, мен дұрыс таңдау жасадым. Менің мамандығым – өмірімнің мәні, сондықтан менің болашақта балаларыма және немерелеріме айтарым көп деп есептеймін»,- деді Б. Жүрекбаев.
Осы жерде К. Ушинскийдің «Егер дұрыс таңдау жасай алған болсаңыз және оған бар ынтаңызда салар болсаңыз, ендеше сіз нағыз бақыттысы» деген сөздері оралады.
ШҚО ТЖД