
Риддер қаласы Абай көшесі бойында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде тұрмыстық техниканың жануы орын алды.
ТЖД күшімен баспалдақ маршы арқылы 7 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды.
Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.