
Құтқарушылар мерекесіне орай Тарбағатай аудандық Төтенше жағдайлар қызметі мен Ақжар №15 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы облыстық «Тұғырлы Тарбағатай» газетінің журналистерімен бірлесе отырып, «Тұғырлы Тарбағатай» газетінің қызметкерлері, «Төтенше жағдайлар» бағдарламасы бойынша қызмет алушы балаларға ашық есік күнін өткізді. Тарбағатай аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ем алушы балаларына жалпы 14 бала қамтылған шарада өрт сөндіру техникасы мен жауынгерлік техникасы көрсетілді.Сондай-ақ балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері айтылып,өрт немесе жер сілкінісі кезінде өздерін қалай ұстау керектігі көрсетілді.
Балалар өрт сөндірушінің киімін киіп көруге қуанышты болып,тамаша көңіл-күймен құрал-жабдықтармен суретке түсті.