
Д. Серікбаева атындағы ШҚТУ базасында. "Дағдарыс жағдайында өңірлердің тұрақты дамуын геоақпараттық қолдау"конференциясы өтті. Оған Қазақстан, Ресей Федерациясы, Чехия, АҚШ, Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Германиядан келген түрлі ұйымдардың мамандары мен ғалымдары қатысты.
Конференцияның мақсаты: тәжірибе алмасу, жетекші мамандардың аумақтың орнықты дамуының экологиялық, экономикалық және әлеуметтік аспектілерін геоақпараттық қамтамасыз етудің теориялық және әдістемелік мәселелерін талқылауы, сондай-ақ халықаралық ғылыми және техникалық ынтымақтастықты кеңейту.
ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев су басу қаупін азайту шаралары туралы сөз сөйледі. Ол таралу аумағы, жылдық орташа шығын және ел көлеміндегі қайталану деңгейі бойынша су тасқыны басқа табиғи апаттар қатарында бірінші орында тұрғанын атап өтті. Мәселен, Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі бар 72 елді мекен бар, онда 9565 адам тұратын 3718 тұрғын үй орналасқан. Ықтимал су тасқыны жағдайын бағалауды негізге ала отырып кешенді алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жүзеге асырылады.
Жалпы, су тасқынын болжауға болады, яғни алдын алу шараларын қолдануға болады. Осыған байланысты қазіргі уақытта ШҚО ТЖД мен Д. Серікбаева атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті арасындағы меморандум аясында. су тасқынын болжау жүйесі әзірленуде. Жобаның мақсаты Шығыс Қазақстан облысындағы маусымдық су тасқыны кезінде аумақтардың су басуына мониторинг жүргізу мен болжауды қамтамасыз ету әдістерін қамтитын талдамалық жүйені әзірлеу арқылы су тасқыны жағдайын бақылаудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Арман Наурызбаев конференцияға қатысушылардың назарын Бұқтырма ГЭС-на су шығынының тиісті ұлғаюы кезінде әрбір гидротехникалық құрылыс үшін судың авариялық тасталуы және бөгеттердің қирау мүмкіндігіне байланысты жағдайларды модельдеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігіне аударды.
Табиғи сипаттағы ТЖ алдын алу және жою тақырыбында "Қазселденқорғау "ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков сөз сөйледі, ол Шығыс Қазақстан облысы республика бойынша көшкін қаупі бар өңірлердің бірі болып табылатынын, онда 497 қар көшкін жинаулу орындары тіркелген, оның ішінде нақты 325 ошақ шаруашылық субъектілері мен адамдардың өміріне қауіп төндіретінін айтты. Облыста 13 өзен бассейні сел қаупін тудырады. Советбек Станбеков аталған қауіпті учаскелерге мониторингтің автоматтандырылған жүйесін құруға назар аударды, бұл төтенше жағдайлар қаупі төнген кезде жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.