
Халықаралық қарттар күнінде ШҚО ТЖД және аудандық бөлімшелердің басшылығы мен қызметкерлері төтенше жағдайлар қызметінің зейнеткерлеріне барып құттықтап қайтты, олар өздерінің ТЖ алдын алу жүйесіндегі тәжірибелерімен бөлісті.
Құтқарушылар қарт адамдарға шаруашылықта көмектерін беріп, үйлерінің маңайын тазалап, мерекеге орай сыйлықтарын табыстады.
Шығыс Қазақстан облысында ТЖ қызметінің зейнеткерлері 400 –ден астам.
Құтқарушылардың өздері байқағандай, тәлімгерлері батылдыққа, жанқиярлық еңбекке, төзімділікке сондай-ақ, отанға және отбасына деген сүйіспеншіліке үйретті.
«Біздің міндет – оларды қорғау және қолдау. Олардың еңбектеріне баға жетпейді. Үлкендердің тәлімдері қызметтегі жас ұрпақты тәрбиелеудің бір бөлігі», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
ТЖ қызметінің ең жасы үлкен зейнеткері Зоя Ларионовна 92 жаста. Зоя Александровна Ларионова 29 жыл өрт сөндіру бөлімінде диспетчер болып қызмет атқарған. Ол кәсіби одақты, әйелдер кеңесін жүргізді.
ТЖД қызметкерлері ардагерлерге денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй тіледі.