Подполковник әйел қалай өрт сөндіру бөлімін басқарғаны жайлы айтты.

Подполковник әйел қалай өрт сөндіру бөлімін басқарғаны жайлы айтты.

ШҚО ТЖД өздерінің қызметтегі зейнеткерлерін мақтан тұтады. Қарттар күнінде құтқарушылар осындай адамдарға үлкен көңіл бөледі.
Қарлығаш Азылбековна Запевалова құрметті демалысқа подполковник шенімен шықты. Жігерлі, мақсатшыл бұл әйел өзінің жасында Өскемен қаласы № 29 қосымша білім беру орталығы-мектебінде жас құтқарушыларды тәрбиелейді. Оның көмегімен оқушылар төтенше жағдайлардағы тәртіп ережелерін және қауіпсіздікті игереді.
Ол өзінің қызметін ТЖ жүйесінде 1976 жылы бастаған, инспекцияға өрт қауіпсіздігі нұсқаушысы болып келген, уақыт өте келе жихаз комбинатының жанындағы № 2 өрт сөндіру бөлімінде қызмет атқарды. Өртпен күрестің барлық қырларын игерді, комбинатты зерделеді және оның қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуді білді. 3 жыл қызмет еткеннен кейін Қарлығаш Азылбековна осы өрт сөндіру бөлімінің бастығы болды. Әйел екеніне қарамастан комбинат цехтарында болған барлық өрттерге шықты. Оның қарамағында 16 өрт сөндіруші қызметкер болды. 25 жылын осы қауіпті өндірістегі қызметке арнады, 2005 жылы ШҚО ТЖД Кадр қызметі бөліміне ауысып жұмысын жалғастырды. Бұл бөлімде жас өрт сөндірушілерді қызметке қабылдап, 4 жыл қызмет етіп, зейнеткерлікке шықты. Қазірге дейін Қарлығаш Запевалова тынбай еңбек етіп, балаларды тәрбиелеуге бар жігерін салады. «Менің өмірім, жұмыс, хобби – осының бәрі жеткіншек ұрпақпен байланысты, өсіп келе жатқан қыздармен, ұлдармен көп уақытымды өткіземін, маған өз тәжірибеммен бөліскен және одан жақсы нәтиже көрген ұнайды» деді.
«Мен ешқашан қиындықтан қорыққан емеспін және қиын кәсіп таңдаған кезде де қорыққан жоқпын. Менің ұлым Дмитрий менің жолымды қуып, зейнеткерлікке шыққанға дейін қаланың өрт сөндіру бөлімінде қызмет атқарды. Өз мамандығымды жақсы көрдім, қазірге дейін ТЖД бөлімшелеріне барып тұрамын, құтқарушылармен бірлесіп жас ұрпақты тәрбиелеп келеміз. Мен тағдырыма ризамын, өйткені мен асыл, қайсар адамдармен қызмет еттім».