Құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен жануарды алып шықты

Құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен жануарды алып шықты

Өскемен қаласындағы құдықтан күшіктің қыңсылаған дауысы шығып жатты.
Оны құдықтың жанынан өтіп бара жатқан адамдар естіп, жануардың оқысқа ұшырағанына бей-жай қарамай дереу құтқарушыларды көмекке шақырды. Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының қызметкерлері қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, құдыққа түсті. Құдық терең болғандықтан, қорқып қалған күшік көмекке келген құтқарушының қолына баруға асыға қоймағандықтан екінші құтқарушының құдыққа түсуіне тура келді, құтқарушылар күшікті тысқа шығарылып, қоңырау шалған азаматтардың қолына аман-сау қалған жануарды табыстады.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
Біз үшін әр өмір маңызды!