
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ТЖД мамандары жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы айтты.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин атап өткендей, облыс аумағында пешпен жылытылатын жеке тұрғын секторда тұратын әлеуметтік осал топтар арасында кең ауқымды профилактикалық жұмыс басталды. Есепке 3 101 үй алынған. Бүгінгі күні үй-үйді аралау жұмысы аяқталды. Нәтижесінде, өрт қауіпсіздігі талаптарының 1 384 бұзушылығы анықталды.
Оның ішінде: 617 пешпен жылытуға, 540 электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға, 227 басқа сипаттағы бұзушылықтар қатысты. Бұл үйлердің иелеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулықтар берілді.
Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында, ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелері мұқтаж және қозғалуы қиын азаматтарға түтін мұржаларын жиналған күйеден тазарту, пеш жабдықтарындағы жарықтар мен саңылауларды жою, пеш алдына қорғаныш тақтай орнату бойынша көмек көрсетті. Қазіргі уақытта 2 406 үйде иіс газының датчиктері орнатылды.
Тұрғын үй секторында өрттен адамдардың қаза болуы 22%-ға азайып, 17 адамды құрады. Биылғы жылдың басынан бері иіс газымен уланудан 22 адам зардап шеккен.
ТЖД мамандарының жұмысы негізінен өрттің алдын алу және адам өлімі тәуекелдерін азайтуға бағытталған.
Қысқы маусымды қауіпсіз өткізу үшін ШҚО ТЖД келесі шараларды өткізуді ұсынды:
түтін мұржаларын, түтін жолдарын және басқа да пеш жабдықтары мен жүйелерінің элементтерін күйеден тазарту:
Түтін арналары өтетін шатырларда барлық түтін мұржалары мен қабырғалары әктелуі тиіс.
Пешті пайдаланған кезде мынадай жағдайларға жол берілмейді:
жанған пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қарауды балаларға тапсыруға болмайды;
пеш алдына жанғыш материалдар мен отындарды қоюға болмайды;
қатты отынмен жағылатын пештерді тұтатуға жанғыш сұйықтықтарды қолдануға тыйым салынады.