Су айдындарында рейдтер

Су айдындарында рейдтер

ШҚО ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ және ТЖ бөлімінің қызметкерлері полиция бөлімімен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлермен бірлесіп жазғы кезеңде су объектілерінде болған қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Бірлескен рейдтер судың маңайындағы сүйікті демалыс орындары бойынша ұйымдастырылады.

Рейд нәтижесінде суда және жағада үлкендердің қарауынсыз жүрген балалардың саны көп екені анықталды. Бұл балалардың қатысуымен су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың жалпы санының жартысын анықтайтын негізгі қауіп факторы болып табылады. Ағымдағы жылы Глубокое ауданында 2 бала суға кетті (және 3 үлкен адамдар). Көп жағдайда үлкендер тарапынан кәмелетке толмаған балаларға назар аудармау себеп болып отыр. Ата-анасының қарауынсыз қалған балалар демалуға жабдықталмаған орындарда жиі өледі.

Жеке қауіпсіздік үшін жауапкершілік ең алдымен азаматтардың өзіне жүктеледі. Суға түсуге тыйым салатын белгілерді елемеу қайғылы оқиғаға айналуы мүмкін. Ересектер балалардың уақытын бақылауға міндетті. Қараусыз қалған балалар су айдындарында суға шомылып, көпірден және басқа биіктіктен суға секіріп, өздерінің өміріне және денсаулығына қауіп төндіреді.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың телефоны-101, 112.

Глубокое ауданының ТЖБ