
ШҚО Бұқтырма су қоймасының «Қаракөл» шығанағында 4 балықшы құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Белгілі болғандай қозғалтқыштың ақаулығына байланысты олар жағаға жете алмаған.
ТЖД қызметкерлері оларды жағаға аман-есен жеткізді. Балықшылар медициналық көмекке мұқтаж емес.
ТЖД ұсынады:
Қайықта құтқару күртешесін киюге;
Қатты жел кезінде суға шықпауды;
Сапар алдында жүзу құралының жарамдылығын тексеру