ТЖ қызметінің ардагерін медальмен марапаттады

ТЖ қызметінің ардагерін медальмен марапаттады

Шығыс Қазақстан облысында салтанатты түрде “Еңбек күні” төңірегінде кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекеттік мекемелердің аса ерекшеленген жұмысшыларын марапаттау өтті.

Бұл салтанатты мереке “Ертіс концерт” концерттік залында болды.

ШҚО ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Иван Худяков азаматтық қорғау органына қосқан үлесі үшін “Еңбек ардагері” Қазақстан Республикасы ТЖ Министрінің медалімен марапатталды.

Иван Худяков ТЖ қызметі қатарында көп жыл қызмет етті, 1997 жылы табиғи өртті жоюға және 1990 жылы Үлбі металлургиялық зауытында болған аварияны жоюға қатысты.

Награданы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов табыстады.