Шомылу маусымының үрейлі сандары

Шомылу маусымының үрейлі сандары

Облыстың құтқаруышылары үрейлі статистиканы мәлімдеді. Шығыс Қазақстан облысының аумағында шомылу маусымында 28 адам суға кетті, оның ішінде 9 бала. Жүзу маусымының аяқталуына әлі бір ай бар. Карантиндік шараларға қарамастан, шомылушылар саны азаймай отыр. Осыған орай, құтқарушылар жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп жабдықталмаған шомылу орындарында үнемі рейдтер өткізеді.

    «Өлім-жітімнің ең көп саны Ертіс өзенінде – 11 адам, жасанды су қоймаларында – 5адам, Бұқтырма су қоймасында – 3 адам, басқа табиғи су қоймаларында – 1 адам тіркелген. (Шүлбі су қоймасы, Уба өзендері, Үлбі, Бұқтырма, Глубачанка, Емел, Дубығалы Семей көлдері, Жерновский) Деректердің талдауы бойынша өлімнің көп бөлігі демалыс күндері – ауа-райы ыстық күндері, негізгі демалыста рейдтік-профилактикалық іс-шаралар мен патрульдер үшін оңтайлы уақыт болып табылатындығын көрсетті. Стастистика көрсеткендей, судағы апаттар көп жағдайда адамның өз кінәсінен болады, шамадан тыс өзіне-өзі сенімділік, өз күштері мен мүмкіндіктерін асыра бағалау, судағы мінез-құлық ережелерін елемеу, атап айтқанда тыйым салынған және бейтаныс жерлерде шомылу, алкогольдік мас  күйде болу», - деді брифингте бастықтың міндетін уақытша атқарушы Дмитрий Титов.

     Қазіргі уақытта су объектілері мен су нысандарында жаппай демалу, туризм мен спорт үшін 359 орын орнатылды, оның 180 орны жағажайлармен жабдықталған.

     ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің жедел-құтқару жасағы бөлімі мен «ШҚО суларда құтқару қоғамы» базасында жаппай шомылу орындары иелері өтініші бойынша ведомстволық құтқару посттарының қоғамдық құтқарушыларын оқыту жүргізілуде. Барлығы 152 құтқарушы оқытылды, 59 мемлекеттік пост құрылды, 48су алқабы тексерілді.

     Құрметті демалушылар! Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қонақтар мен облыс тұрғындарынан демалыста өздеріне және жақындарына өте мұқият болуды, шомылу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, атап айтқанда: жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыз; балаларды қараусыз қалдырмаңыз; мас күйде шомылмаңыз; техникалық және ескерту белгілеріне, шұңқырларғы шықпаңыз, жағалауларды және демалушыларға зиян келтіретін киім ауыстыратын бөлмеде қоқыс қалдырмаңыз, қайықтардан, катерлерден, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз.

 

ШҚО ТЖД