Отпен абайсызда екі өрт шықты

Отпен абайсызда екі өрт шықты

    Кеше Ұлан ауданы Желдіөзек ауылында өртті ұқыпсыз пайдаланудың салдарынан жеке үйдің ауласында өрт шықты. 25 шаршы метр аумақта шаруашылық жайдың төбесі өртенді және ол от көрші аулаға шауып, ондағы 6 тонна шөпті жалынға орады. Өртті сөндіруге «ӨСжАҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамынан 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды.

    Семей қаласындағы көпқабатты үйдің ауласында ашық алаңда қоқыс өртеніп, от металл гаражға жайылды. 0,5 шаршы метр қоқыс пен жалпы ауданы 16 шаршы метрді құрайтын гараждағы құрылыс жабдықтары жанып кетті.

      Өртті сөндіруге Семей қаласының №2 мамандандырылған бөлімінің өрт сөндірушілері аттанды. Оқиға орнына санаулы минут ішінде жетіп, екі минуттан кейін толығымен сөндірді. Отпен күресушілердің шебер әрекетінің арқасында өрттің үлкен аумаққа таралуына жол берілмеді.

    Облыстың құтқарушылары қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Бұл сізді және сіздің жақындарыңызды төтенше жағдайлардан құтқарады.

 

ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі