Түн ортасында Шемонаиха ауданында шаруашылық жайлар өртке оранды

Түн ортасында Шемонаиха ауданында шаруашылық жайлар өртке оранды

3 тамызға қараған түні Верх-Уба ауылында өрт болды, оған монша пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болды.

   Түнде моншадан шыққан өрт тұрғын үйден алыс емес жерде орналасқан сарайға ұласты. Өрт орнына отпен күресушілерді жанып жатқан құрылыстардың иелері шақырды. Жалпы алаңы 52 шаршы метрді құрайтын шаруашылық жайлар мен 1 тонна шөп отқа оранды.

    Оқиға орнында №42 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеді. Отты сөндіру барысында сарайдан 2 газ баллон алынып шықты. Өрт сөндірушілер сонымен қатар 21 үй жануарларын өрттің өтінен алып шықты.

    Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

      Егер сіз төтенше жағдайдың куәгері болсаңыз, «101» немесе «112» телефон нөмірлері бойынша қоңырау шалыңыз.

 

ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі