
Демалыс күндері көліктер қайта жалынға оранды. Үржар ауданындағы №17 өрт сөндіру бөліміне, Мерседес көлігі өртеніп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына жеткен өрт сөндірушілер отты 22,5 шаршы метрдегі жүк көлік тіркемелерінің бөліктері жанып, ішіндегі жүк толығымен отқа оранды. Сондай-ақ, өртті сөндіруге жергілікті атқару органдарының күштері тартылды.
Осыған ұқсас жағдай Тарбағатай аймағында Ақжар – Қарасу тас жолында орын алды. Газ 330252 автокөлігі қозғалыс кезінде жалпы ауданы 8 шаршы метрі құрайтын қозғалтқыш тақтасы мен ішкі төсемін өрт шалды.
Алтай ауданында Өскемен – Алтай тас жолында уақытша тұрақтап тұрған кезінде Ваз 2199 автокөлігі жанып кетті. Оны өтіп бара жатқан жүргіншілер байқап, Серебрянск қаласының №19 өрт сөндіру бөліміне хабарлаған. Өрт орнына жедел жеткен отпен күресушілер жалпы ауданы 6 шаршы метрді құрайтын аймақтағы өртті 4 минуттың ішінде сөндірді. Осымен мұдай оқиға Алтай ауданында үшінші рет орын алып отыр.
Өрттердің болжамды себебі – қауіптілігі жоғары құрылғыны абайсыз пайдалануы болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері облыста 109 техника жанып кетті.
ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі