Риддер қаласында бес айлық нәрестенің саусағы балалар ойыншығына қыстырылып қалды

Риддер қаласында бес айлық нәрестенің саусағы балалар ойыншығына қыстырылып қалды

Ата-аналары саусағын өз бетінше босата алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Оқиға орнына келген құтқарушылар авариялық-құтқару құралының көмегімен ойыншықты шешіп, баланың саусағын босатты.

Кішкентай бала медициналық көмекке мұқтаж болмады.