
Қызметте қойылған міндеттерді орындау үшін ұжымда моральдық-психологиялық ахуал әрқашан маңызды. Жұмыс процесі жемісті және қиындықсыз өту үшін ШҚО ТЖД кадр бөлімінің мамандары жеке құраммен үлкен жұмыс жүргізілді. Алайда қызметкердің үйде қалай сезінетіні де маңызды.
Отбасындағы тұрмысы, тұрғын-үй жағдайы мен моральдық- психологиялық жағдайына және қызмет атқару сапасына теріс әсер ететін факторларды анықтау мақсатында ТЖД-да Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерінде тәрбие жұмысы жүргізілді. Ағымдағы жылы қызметке қабылданған жас қызметкерлерге ерекше көңіл бөлінді.
2024 жылы барлығы 38 жас қызметкер қызметке қабылданды, соның 22 қызметкері жалдамалы пәтерде тұрады, 7 қызметкер ипотека төлейді, 9 ата-анасымен бірге тұрады. Әрбір қызметкермен жекелей-тәрбие жұмысы оған өмірде дұрыс бағдар алуға, жүктелген қызметтік міндеттерін адал орындауға көмектесуге арналған.