Жеке құрамдар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу

Жеке құрамдар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу

ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қ.Кенжебекұлының төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы және автокөлік тәртібі мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен құрылымдық және бағынысты бөлімшелер басшыларымен онлайн режимде кеңес өтті.

 Кеңес кезінде ШҚО ТЖД қызметкерлеріне азаматтық қорғау қызметкерлерінің парасаттылық тәртіптеріне бағытталған тәртіптік және алдын алу жүйелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жоғарлату, сыбайлас жемқорлық заңдылықтарына енген өзгертулер жеткізілді.

Полиция қызметкері қызметкерлерге ЖКО бойынша статистикалық мәліметтерді жеткізді, әкімшілік заңдылықтардағы өзгертулермен таныстырып, бұзушылықтардың түрлеріне айыппұл мөлшерінің өсуі туралы сөз қозғады.