ШҚО-да сел қаупі бар кезең аяқталды

ШҚО-да сел қаупі бар кезең аяқталды

Ол облысымызда 15 мамырдан 15 қыркүйекке дейін созылды. Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында сел түзілу үрдістері кең таралған.

Сел қаупін ШҚО - ның төрт ауданында орналасқан 13 өзен бассейдері-Зайсан ауданы (Кендірлік, Жеменей өзендері), Риддер қ. (Граматуха, Белая Уба, Быструха өзендері), Алтай ауданы (Тұрғысын өзені), Катонқарағай ауданы (Сарымсақты, Бұқтырма, Өрел, Берел, Қалмачиха, Чиндагатуй, Арасан өзендері құрайды).

Облыс аумағында бар 144 мореналық көл 11 елді мекенге қауіп төндіретін ауылдың 13 ошағын құрайды

Қазселденқорғау мамандары атап өткендей, сел көріністері қатты жауын-шашыннан кейін, қатты жер сілкінісі кезінде ғана мүмкін болады.
Облыста сырғыма  қаупі бар учаскелер сирек кездеседі, тек 9 учаске негізінен жағалау беткейлері мен автожолдардағы таулардың астында . Бұл Алтай, Катонқарағай, Зайсан аудандарында және Риддер қ. орналасқан Громотуха, Уба, Черновая, Хамир, Бұқтырма және Кендірлік өзендерінің бассейндері.

«Өңірде 123 күнге созылған сел қаупі бар кезеңде жағдайды қадағалау үшін штаб жұмыс істеді, 10 бақылау гидропосты жұмыс істеді, оның ішінде 9 маусымдық және 1 жыл бойы, 13 сел қаупі бар учаскелер бойынша 110 жерүсті зерттеу, сондай-ақ 9 сырғыма қауіпті учаскелер бойынша 56 зерттеу жүргізілді. Громотуха өзені бассейнінің биік таулы 5 мореналық көліне арба көлігімен сел қауіпті учаскелерге зерттеу және батиметриялық өлшеулер жүргізілді.  Сонымен қатар, екі аэровизуалды тексеру жүргізілді. Нәтижелері бойынша мореналық көлдердің бұзылу және селдердің пайда болу қаупі  байқалмайды», - деп түсіндірді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.

Қазіргі уақытта «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы қысқы қар көшкіні қаупі бар кезеңге дайындық жұмыстарын бастады.