
Самар ауданының Аққала ауылында екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты.
Өрт сөндірушілердің есептеулері бойынша өрт 150 шаршы метр аумақты алды.Өрт толығымен жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік шараларын сақтамаудан .
ШҚО ТЖД азаматтардан өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды алдын ала жоюды сұрайды.