Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында өрт сөндірушілер тұрғындарға мешіт арқылы үндеу жасады

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында өрт сөндірушілер тұрғындарға мешіт арқылы үндеу жасады

Бүгін ауданның №52 және 53 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Тұғыл және Ақжар ауылдарының тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы хабарлады. Мешіттің дауыс зорайтқышын пайдалану арқылы өрт сөндірушілер ауыл тұрғындарына өрттің алдын алу жолдары туралы үгіт-насихат жүргізді. Онда пешті қауіпсіз жағу, қоқысты дұрыс өртеу, жылыту маусымына дайындық қағидалары жайында сөз айтты. Сондай-ақ отпен күресушілер алдағы мерекеде өрт қауіпсіздігін сақтау керектігін де еске салды.

ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі