
2024 жылғы 7-10 қыркүйек аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XIX ерлер арасындағы әлем чемпионаты және X әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтуде, оған еліміздің ерлер мен әйелдер ұлттық құрама командалары қатысады. Жарысқа 20 спортшы қатысып жатыр, оның ішінде 10 ерлер, 10 әйелдер. Чемпионаттарға 21 ел, 10 ерлер және 7 әйелдер командасы қатысады.
2024 жылдың 8 қыркүйегінде әлем чемпионаттарының екінші кезеңі 100 м кедергілері бар жолақтан өту дисциплинасы бойынша өтті.
Екінші әрекеттің алдын ала жарысы барысында ШҚО тумасы, ҚР әйелдер ұлттық құрамасының спортшысы Митрофанова Регина 16,22 секунд нәтижесімен Қазақстан Республикасының әйелдер арасындағы ұлттық рекордын орнатты.