
Өскеменде, Буров көшесінде бес қабатты тұрғын үйде, бірінші қабаттағы пәтерде өрт болды.
Құтқарушылар түтін аймағынан 15 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 3 бала. Өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аланда жиһаздар мен заттардың жануын тез арада сөндірді.
ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, уақытында өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтар мен жағдайларды жоюды сұрайды.