
Отбасы күніне орай Шығыс Қазақстан құтқарушылары жарыс өткізді. Әкелері мен аналары, балалар шағын футбол, қаптармен секіру, обруч арқылы секіру, шарлармен жүгіру, мозайка құрастыру арқылы сайысқа түсті. Қатысушылар әрбір этапты қызығушылық танытумен өтті. Сайыс өтіп жатқан залда мерекелік, достық атмосфера сезілді. Қатысушылар бір-бірін белсенді қолдап, қызықты, сонымен қатар қиын сынақтарды өтті.
Қызықты, спорттық мереке жеңіске жетуге ынталандырды және қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл сайыста Мамандандырылған жасақтың өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші- қызметкері Тохтаровтар отбасы жеңіске жетті.
Мұндай іс-шараның үлкен пайдасы бар. Балалар ойын түрінде шұғыл жағдайлардағы ережелерді бойларына сіңірді.
Бүгін әрбір отбасы жүлделерден басқа естеліктерді қоржындарына байлап, естен кетпес эмоциялар алды.