
Бұл акция кәсіпорын, ШҚО ТЖД және облыс әкімдігі арасындағы үш жақты меморандум аясында өтуде. Датчиктерді сатып алу және орнату бірнеше жылға есептелген. Осы жылыту маусымына "Қазмырыш" ЖШС 2500 сигнализатор сатып алды, оны ШҚО ТЖД халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне орнату үшін тапсырды.
Айта кетейік, ШҚО бойынша пешпен жылытылатын 13 000 мыңнан астам үй бар, онда атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж жалғыз басты қарт азаматтар, мүгедек адамдар, сондай-ақ аз қамтылған көп балалы отбасылар тұрады. Бұл көрсеткіш түпкілікті емес және жыл сайын өзгеріп отырады. Мысалы, өткен жылыту маусымында осындай 11 000 мыңнан астам отбасы тіркелген.
Өрт сөндірушілер адамдардың осы санатын атаулы бақылауда ұстауға және тұрақты негізде аулаларды аралап шығуға тырысады. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша әрбір үйде жылыту пешін орнатуға, электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға байланысты бұзушылықтар анықталды.
Датчиктердің бұл партиясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың тізімдеріне сәйкес ШҚО аудандары арасында таратылатын болады. Бұл құрылғы бөлмеде улы газдың концентрациясы анықталған кезде өткір дыбыстық сигналдың көмегімен жауап бере бастайды.
Жыл басынан бері ШҚО бойынша улы газдан 36 адам зардап шегіп, 7 адам қаза тапты. Қазіргі уақытта карантиндік режимді енгізуге байланысты профилактикалық іс-шаралар уақытша тоқтатылды.
ШҚО ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы