Найзағай түсуінің салдарынан өрт шығуы мүмкін

Найзағай түсуінің салдарынан өрт шығуы мүмкін

Кеше сағат 10.05-те Шемонаиха ауданында жеке аумақта орналасқан жапсырма үй өртеніп жатыр деген қоңырау келіп түсті. №28 мемлекеттік өрт сөндіру қызметі келген бойда Усть-Таловка кенті әкімдігі тірек пунктінің қызметкерлері өрт орнында жұмыс жасап жасатты. Жалынды сөндіруге 7 адам мен 3 техника жұмылдырылды.

       Өрттің шығу себебініңі болжамды нұсқалары – электр жабдықтарын орнату жәну пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан және қасақана өртеу.

       120 шаршы метр аумақта бір сағаттан астам уақыт бойы отпен күресті.

        Екінші оқиға Герасимовка ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болды. Жалын төбені, қабырғаларды, терезе мен есіктерін және жеке заттарын жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрайтын аумақты шарпыды.

        Үйге найзағай түскендіктен жану орын алу мүмкін.  Өртті көршілер байқап, бірден өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Өрт шыққан кезде үйде 5 адам, 4 ересек және 1 бала болған. Жалындап жатқан үйден олар өздігімен шыққан.

        Өртті сөндіруге №7 және 38 өрт сөндіру бөлімі, сондай-ақ Өскеменнің мамандандырылған жасағынан барлығы 12 адам мен 3 өрт сөндіру көлігі тартылды. Отпен күресушілерге тілсіз жауды ауыздықтауына бір сағаттан астам уақыт кетті.

         Жапа шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Барлық өрттер толығымен сөндірілді.

 

ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі