
Қазіргі уақытта елімізде көп қабатты үй терезелерінен балалардың құлауымен байланысты қайғылы оқиғалар санының артуы байқалады.
Көбінесе балалардың терезеден құлау салдарынан жарақаттануы мен өлімі, балалардың абай болмауы мен олардың қараусыз қалдыруы салдарынан болып табылады.
Сенімділік елесін туғызатын терезе торы көбінесе қауіпті болады. Ол құлап кетуден сақтауға арналмаған. Керісінше – тор қайғылы оқиғаға итермелейді, өткені бала өзін қауіпсіз сезініп торға және терезеге сүйенеді.
2020 жылдың 28 шілдесінде Риддер қаласында көпқабатты үйдің 4қабатындағы терезеден 2015 жылы дүнйеге келген бала құлады. Әжелерінің үйінде 5 және 7 жастағы екі емересі ойнап жүрген. Бір мезетте олар көшедегі жүк көлігіне көңіл бөледі. Олар көлікті көрмек болып терезеге шығады, сол кезде терезе торына сүйеніп тұрған бала құлап кетті. Әртүрлі дене жарақаттарымен бала травматология бөліміне жолданды, ауыр хәлде.
Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындарына терезені вертикалдьді түрде ашуға және терезеге мен оның тұтқасына, бұғаттағыштар қою керектігін ескертеді, бұғаттағыштар балаларға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға жол бермейді.
Балаларыңызды, өздері әлі түсінбейтін қауіптен қорғаңыздар.