ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды

ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды

Облыста төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту мақсатында алдын алу іс-шаралары алдын ала басталды.

Ағымдағы жылы инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде облыстың 13 ауданында су тасқынына қарсы 55 іс-шараны іске асыру жоспарланған.

Облыстық бюджет есебінен 24 іс-шара, аудандық бюджет есебінен 31 іс-шара іске асыру жоспарланған.

Бүгінгі таңда 4 іс-шара орындалды,оның ішінде 1-і Алтай ауданында, 2-і Зайсан ауданында және 1-і Катонқарағай ауданында.

Зайсан ауданында Шалқар ауылында 1200 м қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді, Қарабұлақ ауылдық округінің Сәтбай ауылында су тасқынына қарсы бөгет жөнделді.

Катонқарағай ауданында Берел ауылында Бұқтырма өзенінің түпті тереңдете отыра арнасын тазарту жұмыстары аяқталды.
Алтай ауданында ұзындығы 800 метр Соловьев ауылдық округінің Маяк ауылындағы Центральная көшесіндегі су бұрғыш арық тазартылды.
Сондай-ақ келесі іс-шаралар өткізіледі. Глубокое ауданында, Новоульбинка ауылында Кіші Үлбі өзенінде арнаны реттеу жұмыстары жүргізілуде. Өзен арнасы тазартылып, аспалы көпір аймағында тереңдету ұйымдастырылды. Тарханка ауылында Мехнина көшесінің ауданында жағалауның
сызығы нығайтылды, бұл су тасқыны кезеңінде су деңгейі көтерілген жағдайда шайылып кетуден қорғауға мүмкіндік береді.

Алтай ауданында арналар тереңдетіліп, ұзындығы 5000 метр Вторушка және Маслянская өзендерінің арналары тазартылады, бұталар кесіледі. Ұзындығы 100 метр Богатырево ауылында бөгет жөнделуде, Березовка өзенінің арнасы тазартылды және ұзындығы 1000 метр Соловьево ауылының ауданында бөгет салынды.