Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай

Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай

ШҚО ТЖД жеке құрамы Қазақстан Республикасының Конституциясы осы мерекеге арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
ШҚО ТЖД бастығы, полковник Рашид Блялов құттықтау сөз сөйледі: «Қазақстан Конституциясы күні – маңызды оқиға. Конституция-заңдылықтың өзегі, елдің егемендігінің негізі. Еліміздің Негізгі Заңының қабылданған күні қазақстандықтардың жарқын болашағына бастама болды. Өйткені, Конституция – әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі». Қатысушыларды ШҚО ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Иван Худяков құттықтады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай қызметтік борышын орындағаны, жанқиярлығы мен батырлығы үшін Департамент басшылығының бұйрығымен құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, алғыс хаттармен марапатталды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атынан ТЖ қызметкерлері ауқымды қызметтері үшін грамоталармен марапатталды.