Астықты бірге сақтайық

Астықты бірге сақтайық

Бесқарағай ауданының ТЖБ қызметкерлері егістік салу, астық жинау мерзімінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету (ұшқын өшіргіштер мен өрт сөндіру құралдарымен және т.б. қамтамасыз ету) мәселесі бойынша кеңестік көмек көрсету мақсатында ауыл шаруашылық орындарында рейдтер өткізуде. Рейд барысында ауылшаруашылығы өндірушілерімен жадынамаларды ұсынумен егістікті жинау жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері туралы үгіт-насихат шаралары жүргізіледі.  Ірі азықты дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын естен шығармау және сақтау қажет, атап айтқанда:

  1. Шөпті жинау орны электр беру желілерінен 30 м кем емес қашықтықта орналасу қажет.
  2. Шөп маясының орналасу ауданы 150 шаршы метрден аспау керек.
  3. Шөп маясы мен жол арасындағы қашықтық 20 м кем болмау қажет.
  4. Жеке тұрған шөп маясы ғимараттардан 50 м кем емес болуы керек.
  5. Жаңа шөпті ескі шөптің үстіне орналастыруға тыйым салынады.
  6. Кеппеген сулы шөпті жинауға болмайды.

             Шөпті жинау орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау үшін темекі тартуға және ашық отты пайдалануға болмайды.

            Шөп маяларының орналасу орындарының жанында қоқысты өртеуге болмайды.

           Шөп маяларының орналасу орны өрт сөндіру құралдарымен (суы бар бөшке, аша, күрек, багор) қаматамасыз етілу қажет.

  Шөп маясының жану жағдайында өрт сөндіру қызметін шақырып алғашқы өрт сөндіру құралдарымен отты сөндіру бойынша шаралар қабылдау қажет.

 

ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының ТЖ бөлімі