«Қазавиақұтқару» ұшу құрамы мен өңірдің құтқарушыларының бірлескен жаттығуы

«Қазавиақұтқару» ұшу құрамы мен өңірдің құтқарушыларының бірлескен жаттығуы

Шығыс Қазақстанда орналасқан «ЕС-145» тікұшағымен құтқарушылар зардап шегушіні іздеу, тиеу  және тасымалдау бойынша арнайы дағдыларды пысықтады.

Облысымыңза құтқарушылардан адамдардарды іздеуге көмек көрсетуді жиі өтінеді. Кейде көмекке «Қазавиақұтқару» бөлімшесі келіп жетеді. Аспаннан барлығы алақандағыдай болып көрінеді және іздеуге уақыт аз кетеді.

Алайда, тікұшақты пайдалану кезінде арнайы дағдыларды қалыптастыру қажет – қондыру, түсіру, іске қосылып тұрған тікұшаққа жақындау, ұшқышпен сөйлесу, құтқарушылармен ауада және жерде өзара әрекеттестікті ұйымдастыру. Құтқарушылар жаттығу кезінде осы жәйттерді пысықтады.

Егер де жоғалып кеткен адам табылып және оған дереу медициналық көмек қажет болса, оны дұрыс тасымалдап және тікұшаққа мінгізу үшін – арнайы білім қажет. Осындай дағдыларды үнемі жаттықтыру өте қажет.

«Жедел-құтқару жасағының әр қызметкері тікұшақта жұмыс істей білі және оны тәжірибе жүзінде пысықтап отыру қажет, себебі төтенше оқиғаға тап болғандарға уақтылы және толық көлемдегі көмек көрсетуі тиіс» - дейді жедел-құтқару жасағы басшысының м.а. Егоров Евгений.

 

ШҚО ТЖД