Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері сақинаны саусақтан алып тастауға көмектесті

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері сақинаны саусақтан алып тастауға көмектесті

Кеше Өскемен қаласының тұрғыны құтқарушылардан неке сақинасын саусағынан алып тастауын өтінді.

Әйелді ара тістеп алды, саусағы ісініп кетті, қатты жаншылып тұрған сақинаны өздігінен алып тастау мүмкін болмады. Құтқарушылар арнайы құралдарды пайдалану арқылы сақинаны кесіп алып тастап, әйелдің саусағын зергерлік бұйымның тұсауынан босатты.

Жасақ қызметкерлерінің айтуынша, мұндай оқиғаның бір аптаның ішінде осымен екінші рет орын алуы. Соңғы рет құтқарушылар сақинаны жүкті әйелдің қолынан алып тастаған.

Екі жағдайда да әйелдер құтқарушылардың көмегіне уақытылы жүгініп, зергерлік бұйымдардан босатылғаннан кейін медициналық көмекті қажет етпеді.

 Зергерлік бұйымдарды алып тастаудың басты себебі – ісіну. Оның пайда болуына әртүрлі факторлар сеп болуы мүмкін, бірақ нәтиже үнемі бір – зергерлік бұйымдар қолдан алынбай қалады және ыңғайсыздық біртіндеп арта түседі. Сондықтан құтқарушылар сақиналарды белсенді физикалық күш түскенде, ыстық күндері және ұйықтар алдында шешіп тастауға кеңес береді.

 

ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі