Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қоқыс жанып жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қоқыс жанып жатыр

Кеше түнгі 22.12-де өрт сөндіру бөліміне Глубокое ауданы, Тәжірибе алаңы кентінде қоқыс орналасқан аймағында 1 га аумақта қоқыс өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түсті. Өсіп тұрған бидай алқабына өрттің таралу қаупі бар.

  Оқиға орнына №7 өрт сөндіру бөлімінің 12 қызметкері мен 5 өрт сөндіру көлігі жіберілді. Сағат 5.15-те өрт тежелді. Қазіргі уақытта отпен күресушілер өртті толығымен сөндіру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Қоқыстың өртенуі бойынша – қасақана өрт қою және отты абайсыз пайдалану деген болжамдар қарастырылуда.

Егер сіз өрттің куәгері болсаңыз, «101» нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі