
Өскемен қаласында оң қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт орын алды.
Келген өрт сөндірушілер құтқару құрылғысының (капюшонның) көмегімен түтін аймағынан 35 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 7 бала.
Жиһаз бен заттардың жануы 25 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.