Өрт қауіпсіздігі сағаты Шығыс Қазақстанда өтті

Өрт қауіпсіздігі сағаты Шығыс Қазақстанда өтті

Шығыс Қазақстанда профилактикалық сағат ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдиннің Өскемен қаласында орналасқан, Қазақстандағы жалғыз балаларға арналған «Кидс ФМ» радиосының жүргізушілерімен тікелей эфирімен басталды. Алайда, бұл радионы әлемнің кез келген нүктесінен кез келген азамат тыңдай алады. Ол балалардың барлық сұрақтарына жауап беріп, өрттен сақ болу және құтқарушылардың ұсыныстарын сақтау қажеттілігін балаларға түсінікті тілде жеткізді.

ШҚО ТЖД мамандары азаматтарды қауіпсіздік шараларына барынша оқыту мақсатында ауқымды іс-шара өткізді. Облыс бойынша адамдар көп жиналатын нысандарда және лед-дисплейлерде, кинотеатрларда қауіпсіздік ережелерін үйрететін бейнероликтер көрсетілді.

Мұндай жаппай оқыту азаматтардың өрттің алдын алу және төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелері бойынша білімін кеңейтеді.