ШҚО құрғақ шөптің жануы сөндірілді

ШҚО құрғақ шөптің жануы сөндірілді

Ұлан ауданының Синегор орманшылығында құрғақ шөптер мен бұталардың жануы орын алды.

Оқиға жетуі қиын биік таулы жерде орын алды. ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағының көмегімен 6 рет су төгілді.

Өрт 0,3 га. алаңда толығымен сөндірілді.

ТЖМ орман алқабында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.