
Сенбіде Тарбағатай ауданындағы Екпін ауылында жеке үйдің ауласында биыл жиналған 45 тонна шөп отқа оранды. Өрттің шығуына толық сөндірілмей тасталған темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. Оқиға орнына №18 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шықты. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Дәл сол күні Ұлан аданында жұмыс кезінде бұрғылау қондырғысын өрт жалмады. 6 шаршы метр аумақта мотор бөлігінің бөлшектері жанып кетті. Өрттің себебі – қауіптілігі жоғары қондырғыны ұқыпсыз пайдалану.
Бородулиха ауданында найзағайдың салдарынан жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Өрт сөндірушілер келген кезде жалын 150 шаршы метр аймақты қамтыды. Жану жарты сағат ішінде сөндірілді. Оқиға орнына №21 Өрт сөндіру бөлімінің сегіз адамы шықты. Өрт сөндірушілерге көмекке шаруа қожалығынан 6 адам су таситын техникамен жіберілді. Өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен жеделдігінің арқасында от үйге таралмады.
Әдеттегідей, демалыс күндері адамдар моншаларын қыздырады, алайда өрт қауіпсіздігі қағидасы туралы қаперлерінен шығып кетіп жатады, ережені ұстанбау қауіпті салдарға әкеледі. Облыс көлемінде 2 өрт моншада орын алды.
Бородулиха ауданы Жереновка ауылында кешғұрым иесі моншаны жақпақ болады. Пешті қоқыс пен ағашпен толтырып от жағып кетіп қалады. Біраз уақыттан кейін пешті тексеруге оралды. Монша есігін ашқан кезде пештен жалын шарпыды, нәтижесінде 1981жылы туған ер адамның бетін күйік шалды. Новая Шульба өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 10 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. «Өрт қауіпсіздігінің тиісті талаптарын сақтамау апатқа әкеледі. Бұған жол бермеу үшін жағу мақсатында ағашпен немесе басқа да жанғыш материалдармен пешті лық толтырып тастамаңыздар. Пештің есігін ашық күйінде қыздырмаңыз, пештің көлемінен асатын ағашпен жылытуға болмайды. Бөлмені желдету туралы ұмытпаңыз. Жылыту пешін ұзақ уақытқа қараусыз қалдырмаңыз» - Дәулет Мұратбеков, 47-ӨСБ бастығы.
Ал Алтай ауданындағы Серебрянск қаласында 6 шаршы метр аумақта жылжымалы монша жанып кетті. Отпен күресуішлер бір минут ішінде жанып жатқан моншаға жетіп, негізгі оттың бетін 10 минут ішінде қайтарды. Өрттің себебі – пешті салғанда және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы.
7 ай ішінде облыста 1180 өрт тіркелді, оның 539-ы ашық отты абайсыз қолдану салдарынан болды. 167 – пештерді салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін. 189 – электр жабдықтарын, электр құрылғыларын және электр желілерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан. Өрттер 34 адамның өмірін қиды, 32 адам түрлі жарақат алды. 35 адам оттың ауызынан құтқарылды.
Құрметті біздің облыс тұрғындары – өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз, өйткені өрттің басым бөлігі тұрғын үй секторында орын алады.