Шығыс Қазақстанда мореналық көлдерге зерттеу жүргізілді

Шығыс Қазақстанда мореналық көлдерге зерттеу жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында 144 мореналық көлдер бар, олардың 30-ы Риддер қаласының маңында Громотуха өзенінің бассейнінде орналасқан.
"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының Риддер ӨПБ қызметкерлері жер бедерінің тіктігі мен күрделілігіне байланысты арбалы көлікпен 8 көлге көзбен шолу , аспаптық тексеру және батиметриялық өлшеулер жүргізді.
"Зерттеу нәтижелері бойынша біздің қызметкерлер көлдердегі су деңгейі норма шегінде екенін анықтады. Эрозиялық үрдістер мен сырғыма көріністерінің ағын суларға әсері анықталмады . Сел жағдайы тұрақты. Көлдің бұзылу қаупі жоқ. Көлдердегі су деңгейін төмендету және босату бойынша шұғыл шаралар қажет емес" - деді "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.