
Бүгін құтқару қызметіне көмек сұраған хабар келіп түсті. 6 ересек пен 4бала резеңке қайықпен серуен құрып жүріп, жел арғы жағаға алып кеткен. Кері қайтуға қатты соққан жел мен толқын кедергі жасады. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетті. Алайда қатты жел құтқарушылардың да қайығын аударып тастауы да мүскін еді, сондықтан олар Бипэк Автоның Бобер атты катерін сұрады. Біраз уақыттан соң зардап шеккендер аман-есен жағаға жеткізілді.