
Самар ауданында, Бастаушы ауылында өрт бос тұрған үйдің кіреберісін шарпыды. Дер кезінде келген өрт сөндірушілер 20 шаршы метр аумақта өртті өшіріп,таралудың алдын алды.
зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
ШҚО ТЖД тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.