
Тамыз айының басынан бастап облыста 4 монша өртенді, оның 2-уі өткен аптада болды.
«Негізгі себеп – пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы», - деп атап өтті ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Өрттің бір бөлігі түтін
құбырларының ластануы салдарынан болады, онда біртіндеп жабысатын күйік пен күйе жиналып, құбырдың қалыптыдан жоғары қызуына әкеліп соғады, бұл түтін жолынан алыс жатқан беттердің жануына себеп болады. Пеш пен түтін жолын дұрыс орнатпау да өртке әкеледі. Сонымен қатар монша иелері көбінесе қауіпті әрлеу материалдарын пайдаланады. Мысалы, бу бөлмесін жылу шағылыстыратын фольгамен оқшаулау жиі кездесетін бұзушылық болып табылады, бұл материалда ұсақ жарықтардың пайда болуына әкеледі және нәтижесінде тез жануға себеп болады. Электр сымдары мен розеткалардың дұрыс орнатылмауы кезінде ақаулар орын алуы мүмкін. Пешті жағу кезінде оны қараусыз қалдыруға болмайды, сондай-ақ оны бақылауды балаларға сеніп тапсыруға болмайды. Ешбір жағдайда пешті жанғыш сұйықтықтармен жағуға болмайды.Есіңізде болсын, моншадағы өрт қауіпсіздігі көбінесе өзіңіздің жауапкершілігіңізде!ШҚО