
Салауатты өмір салты - бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет.
Спорт күніне орай, «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» РММ Өскемен қ. ӨСБ-нің қызметкерлерінің арасында бірқатар іс-шаралар атап өтілді. Біздің құтқарушылардың күнделікті жұмысында спорт өте қажет, жылдам қимылдау - біздің құтқарушыларға тән қасиет. Осыған орай ӨСБ қызметкерлерінің арасында бильярд, теннис, гир көтеру, зілтемір көтеру, турникке тартылу, арқанға өрмелеп шығу жаттығулары және 100 м мен 1000 м жүгіру жарыстары ұйымдастырылды.