
ШҚО ТЖД қызметкерлері көпбалалы отбасылардың бірінші сыныпқа баратын балаларына кеңсе заттары мен рюкзактарды сатып алуға көмектесті.
«Қайырымдылық шараларға қатысу – бұл біздің ведомствомыз үшін дәстүр. Біз баларға көмектесу маңызды деп санаймыз, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасыларды ерекше қамқорлыққа алдық. Акцияға қатысушылар саны жылдан жылға артып келеді»,- деп түсіндірді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Мектепке жол акциясы мектепке баратын балалаға қолдау көрсетуге, қуаныш сыйлауға, оларға көңіл бөлуге және қамқорлық жасауға мүмкіндік береді.
Құтқарушылар балаларды келе жатқан білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында жақсы бағамен оқуды тіледі.