Өскемен қаласының маңында ірі дала өрті сөндірілді

Өскемен қаласының маңында ірі дала өрті сөндірілді

23 шілдеде 12.30-даөрт сөндірушілерге Шешек асуында шыққан өрт туралы хабар келіп түсті. Құрғақ шөп пен бұталар бойымен жылдам таралып келе жатқан өрт мая шөптерге, күнбағыс алқабына қатер төндірді.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 21 адам мен 6 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Отты ауыздықтауға бір жарым сағат уақыт кетті, ал 15.11-де өрт толығымен сөндірілді.

Құрғақ шөптің өртенуінің болжамды  себебі – отпен абайсыз болу.

Барлығы, жыл басынан бері 326 жану тіркелді, жалпы ауданы 6589 га. Барлық оқиғалардағы себептер біреу – тұрғындардың отпен абайсыз болуы.

 

ШҚО ТЖД