
ШҚО ТЖД мамандары Ресей Федерациясының Рубцовск қаласында өткен шекара маңы ынтымақтастығы мәселелерінде тәжірибе алмасу іс-шарасына қатысты. Бағдарлама қанық болды. Төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды.Апаттардың салдарын уақтылы ескерту, бақылау, ден қою және күресу. Қатысушылар тәжірибе алмасып, апат қауіпі мен пайда болған кездегі өзара іс-қимыл жоспарын егжей-тегжейлі талқылады.