ШҚО-да орман аумағындағы жану шұғыл түрде өшірілді

ШҚО-да орман аумағындағы жану шұғыл түрде өшірілді

Ұлан ауданында Асу-Бұлақ орманшылығының аумағында өсімдіктер өртенді. Оқиға жетуі қиын биік таулы жерлерде орын алды. Қолданыстағы алгоритмге сәйкес өртті оқшаулау үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Әуе орман күзетінің күштері де тартылды, олар өртті сөндіру үшін десантты биік таулы жерлерге жеткізді.
Қазіргі уақытта өрт 0,1 га аумақта оқшауланды.

18-15 -те өрт өшірілді.

Өрттің ықтимал себебі - найзағай.