ТЖД құтқарушылары зардап шеккен ер адамға көмекке келді

ТЖД құтқарушылары зардап шеккен ер адамға көмекке келді

Бүгін Алтай ауданы Кремнюха ауылының тұрғыны үйінен атпен тауға шығып, қайтып оралмады.

Үйге келе жатқан кезде оның аты бір нәрседен үркіп, шабандозды лақтырып жіберген. 1965 жылы туған ер адам құлап, аяғын сындырып алған. Жоғалған адамды іздеуге құтқарушылар, полиция және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.

Құтқарушылар ер адамды Никольское ауыл аймағынан тауып, жедел жәрдемге жеткізді.