Өрт сөндірушілер автовокзал ғимаратындағы өртті сөндірді

Өрт сөндірушілер автовокзал ғимаратындағы өртті сөндірді

Өскемен қаласының өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт жиһазды және бөлменің созылмалы төбесін шарпығаны анықталды.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 10 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталуда.

ТЖД нысан иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.